Теннис
Жұптық сын. Қазақстандық Анна Данилина WTA 250 турнирінде жеңіске жетті
Twiitter/@ASB_Classic
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна - словакиялық Виктория Хрунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова - америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.
Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады - 7:6 (7:5). Супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова жеңісті жұлып алды - 10:8.
Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.