Футбол

«Ордабасы» UEFA Конференция лигасынан шығып қалды

«Ордабасы» UEFA Конференция лигасынан шығып қалды
"Ордабасы" ФК

футболдан UEFA Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ордабасы» Арменияның «Пюник» командасымен қарымта ойын өткізді.

Екі команда арасындағы Алматыда өткен алғашқы ойында шымкенттік клуб қарсыласына 0:1 есебімен жол берген еді. 

Бұл ойында да армениялықтар өз алаңында бір ғана гол айырмашылығымен басым түсті. Кездесу барысында Юсуф Отубанджо 66-минутта соққан голы «Пюник» командасын плей-офф сатысына алып шықты. Бірінші ойында да жалғыз голды Отубанджо салған еді. 

Осылай, Шымкенттік клуб жарыс жолынан шығып қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар