Футбол

Александр Седнев «Ордабасынан» кетті

Александр Седнев «Ордабасынан» кетті
"Ордабасы" ФК

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында команданың еурокубоктардағы сәтсіздігімен қатар, бас бапкер қызметінен кететінін мәлімдеді.

«Біріншіден, «Пюник» командасын жеңісімен құттықтағым келеді. Бұл өте қызықты матч болды. Өкінішке орай, бізге жүктелген бір тапсырманы орындай алмадық. Командаға жаңа тыныс керек, мен басшылық пен ойыншыларға кететінімді хабардар еттім. Бұл шешім матч алдында қабылданған және ешбір жағдайда эмоцияға негізделмеген", - дейді маман. 

Естеріңізге сала кетейік, үшінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» «Пюниктен» жалпы -2:0 есебімен жеңілген болатын. Александр Седнев «Ордабасыны» 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Беларусь маманының жетекшілігімен шымкенттік клуб тарихта тұңғыш рет ел чемпионы атанып, Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар