Теннис
Жібек Құламбаева ITF W75 турнирінің жартылай финалына бір қадам қалды
ҚТФ
Қазақстандық теннисші (№427) Жібек Құламбаева Куршумлия-Баняда (Сербия) өтіп жатқан ITF W75 турнирінің ширек финалына өтті.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде (№431) франциялық Сара Цакаревичпен ойнап, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты - 6:1, 6:3.
Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Құламбаева ойын кезінде 8 брейк жасады.
Енді Жібек жартылай финалға өту үшін әлемнің 249 және осы жарыстың 2-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукаспен ойнайды.