Бәйге

Жас шабандоз жарыс кезінде аттан құлап қайтыс болды

 Жас шабандоз жарыс кезінде аттан құлап қайтыс болды

Шабандоз Киган Киркбидің бапкері Пол Николлс әлеуметтік желіде спортшының аттан құлап қайтыс болғанын мәлімдеді.

Оқиға ақпан күні ат жарыс кезінде болған.

— Өмір кейде күрделеніп кетеді, жеңіс деген адам өмірімен салыстырғанда түк емес. Ең дарынды, ең еңбекқор спортшылардың бірі Киган Кирби жарыс кезінде қайтыс болды, — деді Николлс.

Жарыс жолағында тұлпар қоршаудан секіріп өткенде, 25 жастағы спортшы құлап түскен. Медициналық қызметкерлер шабандозға көмектесуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар