Теннис

18 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздік отыздыққа кірді

18 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздік отыздыққа кірді
ktf.kz

Қазақстандық Әмір Омарханов 18 бен осы жасқа дейінгілер арасында ITF рейтингінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Рейтингте Әмір 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді. Өзге қазақстандық жас теннисші Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға бір-ақ шықты. Сол секілді Виталий Зацепин – 85 (+71), Ілияс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) жоғарылады.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Сондай-ақ Айя Нұпбай – 168 (+49), Полина Слепцова 176-сатыға (+52) орнықты. 

Басқа спорттық жаңалықтар