Кәсіби бокс

Сауль Альверспен жаттығатын қазақстандық боксшы рингке қашан оралатынын айтылды

Сауль Альверспен жаттығатын қазақстандық боксшы рингке қашан оралатынын айтылды
instagram.com/suleimen_promotions_official

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (11-0, 9 KO) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.

Дереккөз мәліметінше, ол рингке биыл көктемде оралады. Қазіргі таңда боксшы қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал осы айда командасымен бірге АҚШ-қа аттанады.

Кейінгі айқасында Бек Лас-Вегаста нигериялық Абимболо Осундаироны (5-1, 3 КО) нокаутпен жеңген.

Қазақ боксшы өз салмағында аболют чемпион мексикалық Сауля Канело Альвареспен (59-2-2, 39 KO) бір залда жаттығады.

Айта кетейік, әуесқойда Бек 2019 жылы Азия чемпионы атанған.

Басқа спорттық жаңалықтар