Теннис

Рыбакина жаңа маусымды жарқын жеңіспен бастады

Рыбакина жаңа маусымды жарқын жеңіспен бастады
wta

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы ресми ойынында жарқын жеңіске жетті.

Рыбакина Брисбенде басталған WTA 500 турнирінде жергілікті теннисші Оливия Гадекиден айласын асырды. 1 сағат 12 минутқа созылған ойында Елена 6:4 және 6:1 есебімен басым болды.

Енді қазақстандық теннисші 1/8 финалда бельгиялық Элиза Мертенспен ойнайды. Бұл кездесу бүгін, 4 қаңтарға жоспарланған.

Басқа спорттық жаңалықтар