Бокс
Санжар Тәшкенбай бастаған боксшылар "Странджа" кубогіне қатысады
Ақпан айында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі "Странджа" турнирі өтеді.
Осымен 75-рет өткізілетін турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы мүмкін.
"Странджа" турниріне қатысатын Қазақстан командасы:
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Руслан Күзеубаев
63,5 келі: Ерасыл Танкай
67 келі: Дулат Бекбауов
71 келі: Талғат Шәйкен
75 келі: Нұрқанат Райыс
80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
86 келі: Абзал Құттыбеков
92 келі: Сағындык Тоғамбай
Турнир 2-12 ақпан аралығында өтеді.
Дереккөз: olympic.kz