Футбол
Еуроға шығу үшін. Қазақстан құрамасының капитаны Грекиямен матч туралы ойын айтты
ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Ұлттар лигасындағы Грекиямен матчтке қатысты пікір білдірді.
Грекиямен С тобындағы 1/2 финалдық матч 21 наурыз Афиныда өтеді.
"Люблянадағы мачтен кейін жаным жылады. Бәрінің көңілі түсіп кетті. Бірақ бұл спорт - жеңіс бар, жеңіліс бар. Еуроға шығу? Мүмкіндік бар. Айтып жатыр ғой, Афиныда бәрі бар деп. Демек біздің Еуро-2024 турниріне билетіміз де сонда", - дейді Асхат Qazsport арнасына сұхбатында.