Кәсіби бокс

АҚШ-та Головкин мен Сауль Альврарестің төртінші айқасы туралы айтылды

АҚШ-та Головкин мен Сауль Альврарестің төртінші айқасы туралы айтылды
Allboxing

Boxingnews24.com журналисті Дэн Эмброуз орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және екінші орта дивизионда абсолют чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес төртінші рет жұдырықтасуы мүмкін деген ой айтты.

"Головкин кетуі туралы ешқандай мәлімдеме жасамағаны, табалдырықты бір аяқпен ғана аттап тұрғандай. Егер жақсы ұсыныс болса, есіктен қайта кіре салатындай. Мәселен екі жеңіліс үшін Канелодан есе қайтару, онымен Сауд Арабиясында айқаса алады. Головкин Канеломен төртінші айқастан бас тартады дегенге сену қиын. Бокс жанкүйерлерінің көбі Альвареспен 2017 жылы өткен алғашқы жекпе-жегінде Головкиннің ақысы желінген деп есептейді", - дейді маман.

Басқа спорттық жаңалықтар