Теннис

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы челенджерді сәтті бастады

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы челенджерді сәтті бастады
KTF

Қазақстандық теннисші (№121) Михаил Кукушкин Кэридегі (АҚШ) челленджер турнирінің 1/8 айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін (№900) 19 жастағы америкалық Купер Уильямспен өткізді.

Бірінші партияда корт иесі шеберлік танытты – 7:5. Есесіне бұдан кейін Кукушкин камбэк жасай алды – 6:4, 6:4.

Екі жарым сағатқа созылған тартысты матчте қазақстандық спортшы 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Уильямс 8 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Енді Кукушкин ширек финалға өту үшін әлемнің 99-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар