Бокс

Василий Жиров өзбекстандық боксшылар Олимпиадада неге мықтырақ болғанын айтты

Василий Жиров өзбекстандық боксшылар Олимпиадада неге мықтырақ болғанын айтты
ҚБФ

1996 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы және кәсіпқойда әлемнің бұрынғы чемпионы Василий Жиров Париж Олимпиадасында Қазақстан боксшыларының нашар өнер көрсетуіне қатысты ойын айтты, деп жазады "Дядя Ваня" телеграм арнасы. blog.share

"Өзбектер бұл Олимпиадаға жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Психикалық және физикалық дайындыққа бәрі әсер етеді. Егер бір құрамдасы болмаса, басқа жиғанның бәрі нәтижесіз. Өзбектер өз жерінде жақсы дайындық жасады - не керек не керек емесін шешіп алды, барлық кедергіден құтылды да, жақсы өнер көрсетті. Иә, өзбектер Парижде біздікілерден жақсы болды, бұл факт. Енді Қазақстан бапкерлері барлық сараптаманы жасап, "франциялық күйреу" неге болғаны жайлы дұрыс шешімге келеді деп үміттенемін", - дейді Жиров.

Басқа спорттық жаңалықтар