Хоккей

Қазақстандық маман халықаралық хоккей федерациясы комитетінің құрамына енді

Қазақстандық маман халықаралық хоккей федерациясы комитетінің құрамына енді

Қазақстандық Виктория Сазонова халықаралық хоккей федерациясының әйелдер хоккейін дамыту жөніндегі комитетінің құрамына енгізілді. Енді ол еліміздің атынан әлемдік деңгейде өкілдік ететін болды.

Виктория Сазонова Қазақстан әйелдер құрамасында бас менеджер қызметін атқарады. Ол - халықаралық хоккей федерациясының аталған комитетіне Азия құрлығынан енген алғашқы маман.

«Мен осындай құрметке ие болғаныма қуаныштымын. Бұл - үлкен жауапкершілік. Алдағы жұмысымда қазақстандық хоккейді әлем жұртшылығы назарына ұсынғым келеді. Осы мақсатта абыройлы қызмет атқарамын деген ойдамын», - деді Виктория Сазонова.

Виктория мансабында 20 жылға жуық хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасында ойын көрсетті. Спортшы ретіндегі карьерасын 2013 жылы аяқтап, 2022 жылы әлем чемпионатында әйелдер жасөспірімдер құрамасын басқарды. Сол жылдан бастап әйелдер құрама командаларының бас менеджері, сондай-ақ Қазақстан хоккей федерациясының әйелдер хоккейін дамыту жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2023 жылғы әлем чемпионатында әйелдер құрамасына жетекшілік етті.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар