Теннис

Рыбакина Ролан Гарростың үшінші айналымына өтті

Рыбакина Ролан Гарростың үшінші айналымына өтті
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші кезеңіне өтті.

Екінші айналымда Рыбакина нидерландылық Аранча Руспен бір сағаттан астам уақыт ойнап, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші бұл матче 8 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Рус 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Енді Елена төртінші айналымға өту үшін бельгиялық Элизе Мертенс немесе хорватиялық Петра Мартичтің бірімен ойнайды. 

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Аранча Руспен бұған дейін екі рет ойнап, бір-бір реттен ұтқан. 

Басқа спорттық жаңалықтар