Футбол

Гвардиола жылдың үздік бапкері аталды

Гвардиола жылдың үздік бапкері аталды

«Манчестер Сити» бапкері Пеп Гвардиола Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының (IFFHS) нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік бапкері атанды.

Бір күнтізбелік жыл ішінде Пеп Гвардиола АПЛ-ды, Англия Кубогын, УЕФА Чемпиондар лигасын, Еуропа Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Айта кетейік, испаниялық маман 14 жыл бойы әлемнің топ-5 бапкері қатарына еніп келеді, сонымен қатар бұл жүлдені 2009 және 2011 жылдары жеңіп алған.

52 жастағы Гвардиола «Манчестер Ситиді» 2016 жылдың жазында басқарды. Ол командамен бірге 16 жүлде жеңіп алды, оның ішінде бесеуі Англия чемпионатында.

Бұған дейін маман «Барселона» мен «Баварияны» жаттықтырған. Жалпы Гвардиола карьерасында 37 титул жеңіп алды.


Дереккөз: iffhs.com

Басқа спорттық жаңалықтар