Футбол

"Реалдың" экс қақпашысы 42 жасында карьерасын аяқтады

ReadFootball

Мадридтік "Реалдың" экс қақпашысы Диего Лопес футболшы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп жазады Mundo Deportivo.

42 жастағы испаниялық голкипер соңғы рет мадридтік "Райо Вальеканода"өнер көрсетіп, клубпен келісімшарты биыл жазда біткен болатын. Содан кейін жаңа клуб таба алмаған Лопес карьерасын аяқтап отыр.

Ал жалпы карьерасында Диего испаниялық "Реал", "Вильярреал", "Севилья", "Эспаньол" және италиялық "Миланда" өнер көрсеткен. Мадридтік "Реалмен" бірге Чемпиондар лигасын, Ла Лига мен Испания кубогын жеңіп алды. Ал 2009 жылы Конфедерациялар кубогында Испания құрамасына да шақыртылған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар