ММА

Қуат Хамитов Александр Грозинді айқасқа шақырды

Қуат Хамитов Александр Грозинді айқасқа шақырды
instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов ресейлік "Наше Дело" лигасының чемпионы Александр Грозинді жекпе-жекке шақырды.

Грозин Мәскеудегі жекпе-жек кешінің басты айқасында қазақстандық Мұратбек Қасымбайды төрешілер шешімімен жеңді, ал оған дейін Грозин Мұратбектің командаласы Магомед Кабардиевті те жеңген еді. 

"Наше дело" маған Александр Грозиннің біздің файтерлерді жеңе беретіні ұнамайды. Сондықтан айтайын дегенім - шалға диваннан тұрып, сегіз бұрышқа оралу керек болды, бұл жағдайды түзеу керек деп ойлаймын. Александр Грозин шешім қабылда, жекпе-жекке келіс, содан кейін кім мықты екенін көрейік", - дейді Хамитов Instagram желісіенде жариялаған видеода. 

Басқа спорттық жаңалықтар