Дзюдо

Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысты мәлімдеме жасады

Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов келесі Олимпиада ойындарына қатысу туралы шешімін айтты.

"Қазір 31 жастамын, жуырда 32-ге келемін. Келесі Олимпиадада 36 жаста болады екенмін. Егер мүмкіндік туып жатса, неге қатысып көрмеске? Осындай шешімге келдік", - дейді спортшы Instagram желісіндегі стористе.

Бірақ бұған дейін Сметов Париж ойындары ол үшін соңғы Олимпиада деген болатын.

Парижде Елдос 60 келіде алтын алып, толыққанды олимпиадалық кавалер атанды: 2016 жылы ол күміс және 2020 жылы қола алған болатын. Сонымен қоса, бұл Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын жүлде.

Басқа спорттық жаңалықтар