Грек-рим күресі

Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының жүлдесі үшін белдеседі

Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының жүлдесі үшін белдеседі

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Грек-рим күресінен 48 келіде бақ сынаған Ерасыл Мұсан қола медальға таласады. Ол турнирдің жартылай финалында әзербайжандық балуаннан 1:4 есебімен ұтылды. Ерасылдың қарсыласы жұбаныш белдесулерінен соң анықталады.

Айта кетелік, Аммандағы жарыста грек-рим күресінен екі балуанымыз финалға шығып, күміс жүлдегер атанған болатын.

Алпамыс Болатұлы (55 келі) мен Еркебұлан Анапия (80 келі) турнирдің ақтық сынында қарсыластарға жол берді.

Басқа спорттық жаңалықтар