Теннис

Қазақстандық Скатов пен Шевченко жұптық сында Almaty Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық Скатов пен Шевченко жұптық сында Almaty Open турнирін жеңіспен бастады
KTF

Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Александр Шевченко ATP 250 Almaty Open турнирінің жұптық сынындағы өнерін бастады.

Бірінші айналымда қазақстандық жұп америкалық Эван Кинг – Риз Сталдерді дуэтімен кездесті.

Матч 6:1, 7:6 есебімен қазақстандық теннисшілердің пайдасына аяқталды. Осылай олар келесі айналымға өтіп отыр. 

Енді Тимофей мен Александр ширек финалда аргентиналық Гвидо Андреоцци мен үндістандық Шрирамбал Нараянасвамимен немесе аустралиялық Джеймс Дакворт пен Александр Вукичпен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар