2024 Париж Олимпиадасы
Мейрамбек Қартбай Париждегі алғашқы белдесуінде жеңілді

Olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп жазады Olympic.kz.
57 келіде бақ сынаған Қартбай алғашқы белдесуде қырғызстандық Бекзат Алмазуулымен белдескен болатын. Өкінішке қарай, қазақстандық балуан 1:4 есебімен қарсыласқа жол берді.
Жарысты әрі қарай жалғастыру үшін Мейрамбек Қартбай қырғыз балуанының финалға дейін сүрінбеуін күтеді.