2024 Париж Олимпиадасы

Парижде қазақстандық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

Парижде қазақстандық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды
Сурет: Алматы спорт басқармасы

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды. Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі де растады.

«Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды», - деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп Kazinform тілшісіне берген жауабында.

Басқа спорттық жаңалықтар