2024 Париж Олимпиадасы

Головкин Нұрбек Оралбайды күміс жүлдемен құттықтады

Головкин Нұрбек Оралбайды күміс жүлдемен құттықтады
Сурет: Владислав Семёнов

Геннадий Головкин бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін (80 келі) иеленген Нұрбек Оралбайды жетістігімен құттықтады, деп жазады Olympic.kz.

"Ұлттық Олимпиада комитеті мен жеке өз атымнан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін барша қазақстандықтар Сізбен бірге шаршы алаңда болды десек, артық емес. Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат. Сіз жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсеттіңіз. Сонымен қатар, Нұрбектің жеке бапкері Асқар Еркебаевты да құттықтаймын! Ол шәкіртін Олимпиада тұғырына алып келген мықты маман екені анық. Сіздердің алғашқы Олимпиадаларыңыз спорттық мансаптарыңыздың тек бастамасы болсын. Жеңісіміз арта берсін, еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!", - делінген құттықтау жеделхатында.

Басқа спорттық жаңалықтар