Джиу-Джитсу

17 жастағы қазақ қызы джиу-джитсудан әлем кубогын жеңіп алды

17 жастағы қазақ қызы джиу-джитсудан әлем кубогын жеңіп алды
instagram.com/zhibek_bjj

17 жасар қазақстандық Жібек Құлымбетова Хорватияның Задар қаласында джиу-джитсудан әлем кубогында жеңімпаз атанды.

Джиу-джитсу мен грэпплингтен сегіз дүркін әлем чемпионы, Самат Рамазанов атындағы академия спортшысы, күрең белбеу иегері Құлымбетова 21 жасқа дейінгілер арасында 48 кг салмақта үздік шықты.

Жібек екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Бұл турнир джиу-джитсудың ne-waza түрі бойынша өтіп, онда әлемнің 20-дан астам спортшылары бақ сынады. Жібектен басқа, оған аталмыш академияның бірнеше тәрбиеленушісі қатысып, жалпы саны 6 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар