2024 Париж Олимпиадасы

Балуан қыз Олимпиада фианлына жеткенде жарыстан шеттелді

Балуан қыз Олимпиада фианлына жеткенде жарыстан шеттелді
Reuters

Париждегі Олимпиада ойындарының финалына жеткен үнді қызы Винеш Пхогат жарыстан шеттетіліп, жүлдеден қағылды. Ол финалдық белдесуге дейін салмақ түсіріп үлгермеген.

Винеш Пхогат бүгін 50 килоға дейінгі салмақта финалда америкалық Сара Хильдебрандтпен күресуі керек болған. Алайда бір күн ішінде спортшы 2 келіні түсіріп үлгермеген.

Кардио және өзге де жаттығуларды белсенді жасағанмен, балуан салмағын 50,1 келіден төмендете алмаған. Өз салмағынан 100 грамм ғана асып кеткен. Нәтижесінде спортшы жарыстан шеттетіліп, жүлделі орынға ілікпейтін болды. Салмақ қуып әлсіреген спортшы есінен де танған. Ол Париждегі ауруханалардың біріне жатқызылды.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди спортшыны демеп, X әлеуметтік желісінде "чемпиондар арасындағы чемпион" деп қолдау білдірді.

Басқа спорттық жаңалықтар