Футбол
Арменияны ұтқан Хорватия Еуроның келесі кезеңіне өтті

sportball24.com
Футболдан Хорватия құрамасы Еуро-2024 іріктеу мачтінде Арменияны ұтып жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Загребте өткен кездесу алаң қожайындарының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші голды 43-минутта Анте Будимир салды.
Осы ойын қорытындысы бойынша хорватиялықтар 16 ұпай жинап, D тобында екінші орынмен Еуроның финалдық кезеңіне жолдама алды. Ар армениялықтар 8 баллмен топта төртінші болды.
Осылайша, Еуроға қатысатын 24 команданың жиырма біріншісі іріктелді.