Теннис

Ролан Гарросқа іріктеу: қыздар арасында жартылай финалға шыққандар анықталды

Ролан Гарросқа іріктеу: қыздар арасында жартылай финалға шыққандар анықталды

Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park теннис орталығында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының жартылай финалына шыққан қыздар белгілі болды.

Өз топтарынан бірінші орынмен өткен қазақстандықтар Сәтима Төреген мен София Исакова өзара финал жолдамасын сарапқа салады.

Екінші жартылай финалда тағы бір қазақстандық Альбина Кәкенова ирандық Ясаман Язданимен кездеседі.

Бозбалалар арасында жартылай финалға өткендер кейін анықталады.

Жарыс чемпиондары Жапонияда өтетін соңғы іріктеу турниріне жолдама алады. Тек сол доданың жеңімпаздары ғана Ролан Гарросқа шақыртылады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!


Источник: ktf.kz

Басқа спорттық жаңалықтар