2024 Париж Олимпиадасы

Тағы бір қазақстандық ескекші Олимпиаданы ширек финалында сынға түседі

Тағы бір қазақстандық ескекші Олимпиаданы ширек финалында сынға түседі
Olympic.kz. Тұрар Қазанғапов©

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Сергей Емельянов 1 000 метрге каноэде ескек есуден жарысқа түсті. 

Өз тобында өнер көрсеткен бес спортшының арасынан мәреге 4:05:31 уақыт көрсеткішімен төртінші болып жетті. Бұл жарыста топтан бірінші және екінші келген спортшылар ғана жартылай финалға тікелей өтеді.

Енді қазақстандық спортшы ширек финалда өнер көрсетіп, жартылай финал жолдамасына таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар