Хоккей

«Барыс» командасы бүгін елордада «Авангардпен» кездеседі

 «Барыс» командасы бүгін елордада «Авангардпен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 28 желтоқсан күні, елорда уақытымен сағат 19:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 74 мәрте кездесті.

Оның 25-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 43 ойыннан кейін 33 ұпаймен 23-орында тұр. Ал «Авангард» 42 ойыннан кейін 59 ұпаймен 6-орында келеді.

Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» хоккейшілері елордада «Сочиді» жеңді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар