Теннис

Путинцева Торонтодағы турнирге қатыспайды

Путинцева Торонтодағы турнирге қатыспайды

Қазақстан теннис федерациясы еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцеваның Торонтодағы WTA-1000 турниріне қатыспайтыны туралы ресми түрде хабарлайды.

Бірнеше ақпарат көздерінде тараған жалған ақпаратқа байланысты федерация Путинцеваның Торонтодағы турнирге қатыспайтынын ресми түрде растайды. WTA талаптарына сәйкес, барлық жетекші теннисшілер осы деңгейдегі турнирлерге олардың басталуынан бірнеше ай бұрын автоматты түрде тіркеледі. Юлия бұрын алған жарақатына байланысты Торонтода ойнай алмайды. Оның командасы ұйымдастырушыларға турнирден шығу туралы ресми өтініш жолдады, алайда турнир жүйесіндегі ақпарат біраз уақыттан кейін ғана жаңартылады.

Қазақстан теннис федерациясы сауалдарға әрқашан ашық екенін атап өтіп, БАҚ өкілдерін жалған деректерді пайдаланбауға және сұрақтарға ресми жауаптарды алу үшін ҚТФ-ға хабарласуға шақырады.


Источник: ktf.kz

Басқа спорттық жаңалықтар