2024 Париж Олимпиадасы

Финалға жеткен Демеу Жадыраев Олимпиада алтынына белдеседі

Финалға жеткен Демеу Жадыраев Олимпиада алтынына белдеседі
olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына өтті.

77 келі салмақта сынға түскен Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті. Жадыраев жекпе-жекті ә дегеннен тамаша бастады: басымдылыққа ие болып, бірден алты ұпай иеленді. Нәтижесінде текетірес 6:1 есебімен Демеудің жеңісімен аяқталды.

Енді Жадыраев 2024 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін сарапқа салады. Финал 7 тамызда өтеді. Демеудің ақтық сындағы қарсыласы жапониялық Нао Кусака болады.

Айта кетелік, ширек финалда Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовты жеңген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар