Кәсіби бокс

Артур Бетербиев Биволға үн қатты

Артур Бетербиев Биволға үн қатты
instagram.com/arturbeterbiev

Ресейлік боксшы Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) отандасы Дмитрий Биволмен (23-1, 12 КО) жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады.

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен айқаста Бетербиев жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атанды.

"Рияд, қонақжайлық үшін рахмет! Жекпе-жек кезіндегі атмосфера, оған дайындық жағдайы — бәрі жоғары деңгейде. Ойын-сауық істері бойынша бас басқарма төрағасы мәртебелі Турки Әл аш-Шейхке бөлек алғыс айтамын. Дмитрий, жақсы жекпе-жек үшін рахмет. Маған қызықты болды. Жақын арада Сауд Арабиясына ораламын деп үміттенемін", - деп жазыпты Бетербиев өзінің телеграм арнасында.

Басқа спорттық жаңалықтар