Теннис

Ролан Гарросқа іріктеу: 6 қазақстандық жас теннисші алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

Ролан Гарросқа іріктеу: 6 қазақстандық жас теннисші алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park теннис орталығында жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турниріне іріктеу сайысында 6 қазақстандық теннисші алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Сәтима Төреген Айя Мырзақұлованы 6:3, 6:4 есебімен ұтса, Альбина Кәкенова Кира Эртманды тізе бүктірді – 6:2, 7:5.

София Исакова түркменстандық Сабрина Рахманованы ойсырата жеңді – 6:2, 6:0. Өкінішке қарай, Эвелина Балаганская, Кристина Крученко және Сәбина Шухратова алғашқы ойында жеңіліс тапты. Дегенмен әлі үш күн бар.

Бозбалалар нәтижесі мынадай:

Дамир Дүйсенғазин – Мехрад Мансури (Иран) 6:0, 6:4,

Арсений Требухин – Мани Молашхар (Иран) 6:3, 6:4,

Олжас Есеналы – Даниал Моштафираг (Иран) 6:3, 6:1,

Анатолий Цыбулько – Даниила Квасов (Узбекистан) 3:6, 0:6,

Тимур Сауленко – Жабер Амир (Иордания) 3:6, 6:3,1:6,

Юнус Зульфар – Сухраб Саидов (Узбекистан) 4:6, 1:6.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!


Источник: ktf.kz


Басқа спорттық жаңалықтар