2024 Париж Олимпиадасы

Елдос Сметовке бес бөлмелі пәтер мен су жаңа көлік табыс етілді

 Елдос Сметовке бес бөлмелі пәтер мен су жаңа көлік табыс етілді
Сурет: Сали Сабиров

Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовті Жамбыл жұртшылығы Тараздың шығыс қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды.

Елдос Сметов көліктен түскен бойда өнерпаздар әндерін әуелетіп, ақ жаулықты әжелер шашуын шашып, ұлттық дәм ұсынды. Жамбыл облысы спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Қарауылтегі Олимпиада чемпионына ақ батасын берді. Облыс әкімі Елдос Сметовке барша жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді. Олимпиада чемпионына бес бөлмелі пәтер мен Lexus LX 600, ал бапкеріне екі бөлмелі пәтер мен Hyundai Santa Fe көлігінің кілті тарту етілді.


Басқа спорттық жаңалықтар