Стенд ату

Алматыда стенд атудан Қазақстанда алғаш рет Азия Кубогі өтеді

Алматыда стенд атудан Қазақстанда алғаш рет Азия Кубогі өтеді
Сурет: Сали Сабиров

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Жарыстың басты мақсаты - ату спортының танымалдығын арттыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Айта кетейік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ. Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар