Үстел теннис

Кирилл Герасименконың командасы Германия чемпионатында үшінші орында келеді

Кирилл Герасименконың командасы Германия чемпионатында үшінші орында келеді

Қазақстандық Кирилл Герасименко ойнайтын «Вердер» (Бремен) клубы Германия чемпионатының алғашқы жартысын үшінші орынмен аяқтады.

Жоғары дивизиондағы 11 клубтың арасынан «Вердер» үздік үштікке енген.

Кирилл Герасименко клуб сапында 9 матчқа қатысты. Ол бес рет жеңіп, төрт рет жеңіліс тапқан.

Чемпионат 2024 жылдың 5 қаңтарында жалғасады.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар