Теннис

Қазақстанда алғаш рет! Бүгін Алматыда "Juniors Roland Garros" турниріне іріктеу басталды

Қазақстанда алғаш рет! Бүгін Алматыда
zoealexanderuk.com

Бүгін, 5 тамыз Алматыда Қазақстанда алғаш рет өтетін Roland Garros Junior Series by Renault Qualifications West and Central Asia турнирі басталды. 

Бүгіннен бастап бес күн бойы Азияның түрлі елінен жиналған 16 жас спортшы 2025 жылғы Францияның Ашық чемпионатының негізгі сеткасына жолдама үшін таласады. 



Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Диас Дсқараев кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  




Осыдан кейін жеребе тарту арқылы жұптарға бөлінген Өзбекстан, Иран, Қырғыстан, Иордания, Ливан, Түркменстаннан келген және қазақстандық жас спортшылар жарысты бастап кетті. 

Алматыдағы турнирге Орта және Батыс Азиядан 16 жас ойыншы қатысып жатыр. Ал әрбір ойыншы жеткілікті матч санына жету үшін айналмалы және "олимпиадалық" аталып кеткен ойын форматы қарастырылған екен. Ал жас теннисшілердің әрқайсы жеңіп шыққан матч үшін ATF турының ұпайларын еншілейді. Сонымен қоса, жақсы ойын көрсеткен теннисшілерге гранттар беріледі.



Азиялық теннис федерациясының президенті Юрий Польскийдің сөзінше, Францияның теннис федерациясы мен Азиялық теннис федерациясы Азияда грунт төсенішіндегі теннисті дамыту мен 17 жасқа дейінгі теннисшілерден ең мықты ойыншыны анықтап, жеңімпаздарға - бір бозбала мен бір бойжеткенге 2025 жылғы жастар арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінің негізгі сеткасына уайл кард шақыртуын ұсыну бойынша меморандумға қол қойған. Міне осы үшін Азияның барлық аймағын қамтып, барынша көп елді тарту мақсатында Жапониядағы негізгі турнирден бөлек Орта Азияда, яғни, Қазақстанда бір және Шығыс, Оңтүстік-Шығыс пен Оңтүстік Азия үшін Қытайдың Хайнань аралында бір іріктеу турнирі қарастырылған. 


Тағы бір айта кететін жайт жарыс негізінен қазақ тілінде және шетелден келген спортшылар үшін қосымша ағылшын тілінде өтіп жатыр. 

Жарыс 5-10 тамыз аралығы Алматыдағы «GorkyTennis Park» теннис кортында өтеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар