2024 Париж Олимпиадасы

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында бразилиялық қарсыласын жеңді

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында бразилиялық қарсыласын жеңді
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы қыз Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында екінші жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз ширек финалға шығар жолда бразилиялық қарсыласынан басым болды.

50 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай Каролин Барбоза де Алмейданы айқын жеңіп шықты. Бірінші раундта барлық төреші дауысына ие болды. Екінші раундты да белсенді өткізіп, қарсыласына мықтылығын мойындатты. Үшінші раундты да сәтті өткізген отандасымыз, Олимпиаданың ширек финалына өтті.

Назым ширек финалда колумбиялық Ингрит Валенсиямен жұдырықтасады.

"Жекпе-жек жақсы өтті. Әр кездесуге жақсылап дайындаламын. Өйткені Олимпиадаға осал қарсылас келмейді. Келесі кезеңде колумбиялық қызбен жұдырықтасамын. Онымен бұрын кездескенмін. Әлем чемпионатында жеңілген едім, осы жолы барымды салатын боламын", - деді Назым жекпе-жектен кейін.

Басқа спорттық жаңалықтар