Үстел теннисінен ел мықтылары арасындағы жарыс мәресіне жетті
Шымкентте үстел теннисінің орталығында Қазақстанның ең мықты спортшыларының "ТОП-12" турнирі аяқталды.
Онда бірқатар объективті және дәлелді себептер бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева өнер көрсетпеді.
"ТОП-12 жақсы деңгейде өтті. Матчтар кіші топтарда да, жарыстың соңғы бөлігінде де тартысты болды, кейде тіпті болжау мүмкін болмады - ешкім жеңілгісі келмеді. Спортшылар ойынның жоғары деңгейін, тамаша біліктілік пен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті, бұл қуантады", - дейді Еліміздің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева.
Ерлер
1. Айдос Кенжеғұлов
2. Ескендір Харки
3. Владислав Захаров
Әйелдер
1. Жанерке Көшкімбаева
2. Анастасия Лаврова
3. Сарвиноз Мірқадырова
Дереккөз: olympic.kz