ММА

Шавкат Рахмонов UFC-дегі кейінгі айқасы мен жаңа келісімшарт туралы айтты

Шавкат Рахмонов UFC-дегі кейінгі айқасы мен жаңа келісімшарт туралы айтты
Almaty.tv

Шавкат Рахмонов (18-0) Алматыда өткен баспасөз мәслихатына қатысып, журналистер сұрағына жауап берді.

Шавкат кейінгі жекпе-жегінде амеркиалық Стивен Томпсонды жеңіп, UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде 3-орынға көтерілді.

- Енді кіммен айқасқыңыз келеді?

- Усманмен және Белалмен де. Олар менімен жекпе-жекке келісетін сияқты. Маған бәрір кіммен, бастысы тезірек белебу үшін жекпе-жекке жету. Қазір мені не күтіп тұрғаны белгісіз. Ары қарай жұмыс істей береміз.

- Жекпе-жек алдында өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жарақатыңыз мазалаған жоқ па?

- Жарақатым білінбеді. Бірақ қауіп болды. Дегенмен жекпе-жекке дейінгі іс-шараларда мен өзімді жайлы сезіндім.

- UFC файтері болу қалай?

- Басқа лигалармен ынтамастықта болуға рұқсат жоқ. Гонорарды ашып айтуға болмайды. Айтпақшы келісімшартты қайта қарау керек. Уақыты келді.

Басқа спорттық жаңалықтар