Футбол

ФИФА Бразилияны барлық ресми жарыстардан шеттемек

ФИФА Бразилияны барлық ресми жарыстардан шеттемек
AFP

ФИФА мәліметінше, Бразилия футбол конфедерациясының (CBF) президенті Эдналдо Родригесті орынына қайта тағайындау үшін шұғыл сайлау өткізген жағдайда Бразилия ұлттық құрамасы барлық жарыстан шеттетіледі.

Желтоқсан айында Рио-де-Жанейро соты Родригесті 2022 жылғы сайлауда заң бұзғаны үшін қызметінен босатқан еді. Осыдан кейін, Бразилияның Жоғарғы спорт сотының басшысы Жозе Пердис CBF басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды және ұйымның жаңа президентін 30 жұмыс күні ішінде сайлауға жауапты болды. ФИФА бұны негізсіз араласу деп санайтынын мәлімдеді. Ұйым осыған байланысты Оңтүстік Америка футбол конфедерациясымен (КОНМЕБОЛ) бірге мәлімдеме жасады.

"Егер CBF ұйымын ФИФА органдарының бірі шеттететін болса, онда ол барлық мүшелік құқықтарынан айырылады. Бұл шара ФИФА шеттетуді тоқтатқанға дейін күшінде болады. Яғни, CBF командалары мен бразилиялық клубтар халықаралық жарыстарға қатыса алмайды", - делінген ұйым хабарламасында.

Бразилия футбол федерациясының қазіргі президенті Пердис бұған жауап ретінде сайлауды белгіленген мерзімде, ашықтық пен адалдықты сақтап өткізуге шақыратынын мәлімдеді.

Басқа спорттық жаңалықтар