Футбол

"Қайрат" Грузия құрамасының ойнышысын сапына қосты

"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Грузия құрамасының ойыншысы Гиорги Зарианы сапына қосты.

26 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарт келесі жылдың соңына дейін жасалды.

Грузиялық футболшы карьерасын өз елінде "Саско" комаедасында бастады. Кейін тбилисилік "Динамосынада" 2020 жылға дейін ойнады. Тбилисиліктермен ел чемпионы болды, екі мәрте Грузия кубогі мен бір рет суперкубокты ұтты.

Ал кейінгі үш жыл батумилік "Динамосында" ойнап келді. Биыл,ы маусымда 39 матчке қатысып, 9 гол салды және бес ассист жасады. 2021 жылы Грузия құрамасына шақырту алған. 

Басқа спорттық жаңалықтар