2024 Париж Олимпиадасы

"Дөрекілікке мүмкіндік іздеді". Британиялық журналист қазақстандықтың Олимпиададғы жекпе-жегі жайлы

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Британиялық журналист Тэйлор О'Хиггинс қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлының Париж Олимпиадасындағы соңғы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

63,5 келідегі 1/4 финалда Мұхаммедсабыр грузиялық Лаша Гурулимен жұдырықтасты. Бірінші раундта қазақстандық басым болды (5:0), одан кейінгі раундтарда (5:0, 3:2) грузиялық жеңді.

"Лаша Гурули лайықты жеңіске жетті де, 63,5 келіде жартылай финалға өтті. Грузиялық боксшы өткеніне қуаныштымын, өйткені Базарбайұлы жекпе-жек бойы басын тіреп, екі рет қарсыласының қабағын жарды. Мұндай жарақат жекпе-жекті тоқтатып тастауы мүмкін еді.

Жақындасып қалғанда, қарсыласын жаралай түсу үшін үнемі дөрекілік пен басын іске қосып қалу мүмкіндігін іздеді. Гурули өзін жақсы ұстады, салқынқандылықты сақтап, жеңу үшін бірінші раундтағы есесін толық қайтарды.

Ал төреші ештеңе істемеді, Базарбайұлының не ойлағаны анық көрініп тұрса да", - деп жазыпты сарапшы X (бұрынғы Twitter) желісінде.

Басқа спорттық жаңалықтар