2024 Париж Олимпиадасы

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Олимпиададаншығып қалды

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Олимпиададаншығып қалды
olamsport.com

Өзбекстан құрамасындағы тегі қазақ боксшы Руслан Абдуллаев Париждегі Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады.

63,5 келі салмақта өткен жекпе-жекте ол канадалық Уайатт Сэнфордқа жол берді.

Осылайша, канадалық қола жүлдеге ілігіп отыр, ал Руслан жүлдесіз қайтады.

Руслан Олимпиада ойындарынан шығып қалған Өзбекстан құрамасындағы алғашқы боксшы. Ол 2022 жылғы Азия, 2023 жылғы әлем чемпионы.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай құрамасындағы қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқан да жарысты ерте аяқтаған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар