Футбол

"Ақсу" командасын жаттықтыратын бапкер тағайындалды

Павлодар облысынан Бірінші лигаға түсіп қалған «Ақсуды» басқаратын мамандар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақсу» командасының бас бапкері болып 50 жастағы Рахман Асуханов тағайындалады. Оған Вадим Текиев, Руслан Гумар және Андрей Ненашев көмектеседі.

Шешенстан футболының түлегі Қазақстанға 1997 жылы келген болатын.

Ойыншы ретінде «Терек», «Шахтер», «Ақтөбе», «Қайрат» сияқты клубтарда ойнаған. «Ертіс» және «Ақсу» клубында жұмыс істеген. 2023 жылы «Ақсу Ж» командасының бас бапкері болған.

Бас бапкер ретінде PRO санатындағы жаттықтырушы куәлігі бар Ойрат Садуов тіркеледі.

Басқа спорттық жаңалықтар