ММА

Рахмонов пен UFC чемпионы Махачев арасында айқас ұйымдастыру ұсынылды

Рахмонов пен UFC чемпионы Махачев арасында айқас ұйымдастыру ұсынылды
Тұрар Қазанғапов

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (18-0) карьерасындағы ең үлкен жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Бұрын UFC-де өнер көрсеткен, ал қазіргі таңда сарапшы Чейл Соннен ұйым қазақстандық спортшы мен жеңіл салмақта чемпион Ислам Махачев (25-1) арасында жекпе-жек ұйымдастыруы тиіс деген ойда.

"Ислам Махачев айтқан: "Мен Александр Волкановскиге мүмкіндік бердім. Бір емес, екі рет. 2023 жылы екі рет мүмкіндік бердім. Осындай мүмкіндікті маған да бергенін қалаймын, өйткені мен жартылай орта салмаққа көтерілгім келеді" деген.

Ислам мен Леон Эдвардс - арман боп қалатын орындалмас айқас емес, менің айтпағым: UFC Madison Square Garden алаңында Исламды белбеуін қорғауға міндеттеу керек. Махачев титулды жекпе-жекте Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасу керек деп есептеймін. UFC Махачевтің жартылай орта салмаққа өтуі жайлы ойлануы қажет", - дейді Соннен өзінің YouTube арнасында.

Басқа спорттық жаңалықтар