2024 Париж Олимпиадасы

Елдос Сметов жеңісіне қатты қуанған жанкүйеріне теледидар сыйлады

Елдос Сметов жеңісіне қатты қуанған жанкүйеріне теледидар сыйлады

Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған қазақ дзюдошысы Елдос Сметов жанкүйеріне теледидар сыйлады.

Желіде тарап кеткен кадрларда ер адам дұрыс жұмыс істемейтін теледидардан Елдостың тарихи жеңісін тамашалап, шын жүректен қуанғаны көрінеді.

"Алла разы болсын! Көріп отырып көзіме жас келді. Туған қанына жанкүйер болғандай (жанкүйер болдыңыз - еск.)", - деді Ғабит есімді жанкүйерімен телефон арқылы сөйлескен Елдос Сметов.


Басқа спорттық жаңалықтар