Футбол

Камбэк жасаған «Манчестер Сити» ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне жолдама алды

Камбэк жасаған «Манчестер Сити» ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне жолдама алды
globallookpress.com

Англиялық «Манчестер Сити» өз алаңында германиялық «Лейпцигті» 3:2 есебімен ұтты.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-тур матчі Англияның "Этихад" стадионында өтті. 

Бұл ойында алаң қонақтарынан Лои Опенда дубль жасады (13 және 33-минут). "МанСитиден" Эрлинг Холанд (54), Фил Фоден (70) және Хулиан Альварес (87) бір голдан салды.

Бұл кездесуден кейін "Манчестер Сити" 15 ұпай жинап, G квартетінде бірінші орында қалды. Одан кейін "Лейпциг" (9), "Янг Бойз" (3) және "Црвена Звезда" (1) тұр.

13 желтоқсан "Црвена Звезда" - "Манчестер Сити", "Лейпциг" - "Янг Бойз" матчтері өтеді.


Басқа спорттық жаңалықтар