2024 Париж Олимпиадасы

Сәкен Бибосынов Олимпиаддағы бірінші айқасында таза жеңіске жетті

Сәкен Бибосынов Олимпиаддағы бірінші айқасында таза жеңіске жетті
Depositphotos

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

51 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшының қарсыласы 2024 жылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Самет Гюмюш болды. Бірінші раундта қазақстандық боксшы басым болды - 4:1. Екінші раундта да Бибосынов жеңді - 5:0. Үшінші раундта да үстем болған Сәкен төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

2 тамызда Бибосынов Хесус Лопез (Пуэрто-Рико) пен Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасады.

Басқа спорттық жаңалықтар